05.10.2022
174
АРА-АЙ!
Өлең қайдан шығады сөз болмаса,
Кімге керек өлеңін көз болмаса.
Бұл дүнияда әсемдік қайдан болар,
Сегіз қырлы жігітке кез болмаса.
Ара-ай!
Атпен шаптым аралай,
Дәурен өтер қарамай.
Саусағыңның басында оймақ тұрар,
Кедейшілік жігітті ойлаттырар.
Алған жары жігіттің жақсы болса,
Алқынбай, ат ауылда ойнап тұрар.
Айт дегенде өлеңді айтқан қандай,
Көмекейді сөйлеткен тіл мен таңдай.
Он екі ирек сәнім боп, заулатайын,
Сылаңдаған, сол маңда жортқан аңдай.