05.10.2022
  120


Автор: Нұржан Наушабаев

ДҮНИЯ АДАСТЫРАР ҚУҒАННАН СОҢ

Құдая, құрметіңе созамын қол,
Адасқан мен бір ғаріп таба алмай жол.
Дарияға кетсем тайып, ұстар тал жоқ,
Жаратқан, жалғыз өзің жәрдемші бол!
Дүния адастырар қуғаннан соң,
Шырмалар қол-аяғың буғаннан соң.
Бұл дүния аз күншілік фәни жалған,
Басыңнан қайғы кетпес туғаннан соң.





Пікір жазу