05.10.2022
157
ЖАН СӘУЛЕМ
Жігітке өлең де өнер, өнер де өнер,
Жүйрік ат өрге салсаң өршеленер.
Барыңда базарыңның күл де ойна,
Шамшырақ мың күн жанған бір күн сөнер.
Өлеңді кім айтпайды ән шығарса,
Сұлуды кім алмайды мал шығарса.
Құдайға мен риза болар едім,
Кетсін деп сүйгенімен заң шығарса.