05.10.2022
185

КӨКЕН-АЙ
Екі ауылдың арасы қар болды ғой, ай,
Бір көре алмай Көкенді зар болдым ғой, ай!
Көкен-ай!
Қиылған қас екен-ай!
Бір көре алмай Көкенді жүргенімде, ай,
Көрер күнім сен сорға тар болды ғой, ай!
Көкен-ай!
Қиылған қас екен-ай!
Ақбоз үйге сүйенген,
Біздің қалқаш екен-ай.
Аттандырған, қош деген
Естен кетер ме екен-ай!
А-а-а-а-ай!
Көкен-ай!
Біздің де қалқаш екен-ай!
Ақжал шабдар дегенде, ақжал шабдар, ай,
Жануардың жортысы жорғадай бар, ай!
Көкен-ай!
Қиылған қас екен-ай!
Құйқылжытып осы әнге салғанымда, ай,
Дауысың жетсе, бозбала, үйреніп ал, ай!
Көкен-ай!
Қиылған қас екен-ай!