03.10.2022
  125


Автор: Нұржан Наушабаев

КҮЛӘШ ПЕН КӘРІМГЕ

Жүрегім, бауырымның фәрасындай,
Көзімнің ағы менен қарасындай.
Екі тал, екі түсті қарақтарым,
Артымда жасың жетпей қаласың-ай!
Жүрегім, бауырымның хошы, балам,
Келгені қуатымның осы, балам.
Ішімде ой-қасірет қайнағанда,
Мауқымды сүйіп-сүйіп басып алам.





Пікір жазу