03.10.2022
  137


Автор: Нұржан Наушабаев

ЗАМАНА АЗҒАН ШАҒЫНДА

Замана азған шағында
Халқына ханы қарамас,
Қатын болар баққаны.
Ел пайдасын би айтпас,
Тамағы болар тапқаны.
Әділдік білмес хакімі,
Актілеп жазып жатқаны.
Аманаттың аты жоқ,
Біреуді біреу сатқаны.
Алыс емес, жаныңда,
Құрулы жүр қақпаны.
Көзің тайса бір елі,
Жыландай шаншып шаққаны.
Көңілі қатты тастан да,
Сырты жұмсақ мақталы.
Жібітпейді көңілін,
Жетімнің жасы аққаны,
Еңіреп жерде жатқаны...





Пікір жазу