03.10.2022
  362


Автор: Нұржан Наушабаев

ҚАТЫН ҮШ ТҮРЛІ

Бір қатын сыйлаумен қатын,
Бір қатын қинаумен қатын.
Нағыз қатын, сол қатын –
Әр нәрсені ойлаумен қатын.
Қатының жақсы боса
Көңілді жықпас.
Ыңғайын біліп,
Сөзіңнен шықпас.
Ақымағына жолықсаң,
Өз бойына мін тақпас.
Жұмсақ сөйлесең, жеңемін деп
Мылтық жасап атсаң да бұқпас.
Қатын алсаң, таспа белді торыны ал,
Ол болмаса аққұбаның зорын ал.
Бұл екеуі болмаса, қажымайтын қараны ал.
Бұл үшеуі болмаса,
Жүзі сары, көзі көк,
Былшылдаған сөзі көп
Соған жолығарсың...
Әйел үйді бүлдірер,
Ер-тоқымды жимай,
Айыл-тұрманды күнге күйдірер.
Әйел үйден айырар,
Өзі жады болса,
Әрбір сөзіңді қайырар.





Пікір жазу