03.10.2022
  154


Автор: Нұржан Наушабаев

ТАРШЫЛЫҚ ТАЯНҒАН ЗАМАНДА

Адамның жақсысы кетіп, жаманы қалады,
Жылқының жүйрігі кетіп, шабаны қалады.
Сөздің ақыры құрып, амалы қалады,
Бидайдың дәні құрып, сабаны қалады.
Көлдің суы құрып, табаны қалады.
Сол кезде тырағай деген ел болады,
Адамы тырна қатар би болады,
Ат ариды, тон тозады,
Бір күнде топтан озған жүйріктен
Бұл күнде жұртқа қайтқан ит озады.
Ешкі егіз табады,
Ит сегіз табады,
Сегіз ешкіге сексен теке қойған заман-ай!
Көп отырсаң, көл азады,
Көп жайылса, жер азады.
Көп жасаса ер азады,
Ер азған соң ел азады.
Аяқтыға жол бермейтін,
Ауыздыға сөз бермейтін,
Мыңнан озған тұлпардан
Күнінде қойыңды баққан
Құлағы кесік құл озады.
Ақырзаман адамы аласа туады,
Аласа болса да «тамаша» туады.
Қулық-сұмдықты ойлай туады,
Жамандыққа бойлай туады.
Итере салсаң, жығыла қалады,
Тұра сала жармаса қалады.
Ішсе көжеге тоймайды,
Боқтап, түгіңді қоймайды.
Кейбір жігіттің белгісі –
Алыстағы дұшпанмен алысам деп,
Алаштың жақсысымен ащы болады.
Атадан жаман ұл туса,
Отанына пәле салуға басшы болады.





Пікір жазу