03.10.2022
165
![](/uploads/shorttexts/author_image/dsc-7780.jpg)
ҚОШАҚАНДЫ ҚАЙРАУ
Қызыл-жасыл даланы
Кезгің келсе шамалы,
Татқың келсе басқа дәм,
Қошақаным, бас қадам.
Оңға қарай БІР атта —
Бас қоясың бұлаққа.
Солға қарай БІР атта —
Тойынасың құраққа.
БІР,
ЕКІ,
ҮШ,
ТӨРТ атта,
Жүгір,
секір,
жортақта.
Тамақ өзі келмейді
Үйден шықпас қорқаққа.