03.10.2022
  107


Автор: Ертай Ашықбаев

МЕНІҢ КЕЙІПКЕРЛЕРІМ

Дәптерге қуана салдым-ау
Сүйікті ұстаздың бейнесін.
Аяулы әпкеміз ал мынау —
Тігетін балалар жейдесін.
Ұнайды дәл осы іс маған,
(Ұнар ма бірақ та сіздерге?)
Тұр, міне, күлімдеп ұста ағам
Әткеншек жасаған біздерге.
Кеш түсті,
Келмейді көз ілгім,
Жоспарым көп менің әлі де.
Ал мынау...
Суретім өзімнің
«Рақмет» деп тұрмын бәріңе.





Пікір жазу