03.10.2022
161
ПОЧТАШЫНЫҢ ЖЫРЫ
Ондап,
жүздеп
күніге хат аламын,
Аға,
апа,
ініге апарамын.
Жүрмесін деп уайымдап аталарым,
Зейнетпұлын дайындап апарамын.
Газеттерін күткенде папаларың,
Үйде қалай тып-тыныш жата аламын.
Кешіктірмей барлығын апарамын:
Сонда ғана іскер жан атанамын.