03.10.2022
  149


Автор: Ертай Ашықбаев

САУЫНШЫНЫҢ АҚЫЛЫ

Кел, мейлі, қай маңға,
Мейлі, қай аймаққа.
Табылар айран да,
Табылар қаймақ та.
Қолың бос мезгілде
Біз жаққа соқтың ба?
Сонда сен сездің бе?
Жалқаулар жоқ мұнда.
Бұл — еңбек мекені,
Бүркенбе көрпемен.
... Өріске кетеді
Бұзау да ертемен.





Пікір жазу