03.10.2022
146
ОФИЦЕРДІҢ ОЙЫ
Қалыпты жай бұл күй:
Тәртіп бізде қатаң.
Ерте тұрам ылғи,
Төсекке кеш жатам.
Өзіме бұл ұнар
Жүрмін елді қорғап.
Айтқанымды ұғар
Кіл қырағы солдат.
Төзім, жігер керек —
Осы біздің ұран.
Солдаттарым зерек,
Кіл мұзбалақ қыран.
Ерлік — мәңгі мұрам,
Осы біздің ұран.
Қуанып-ақ тұрам,
Шынықса әр ұлан.