03.10.2022
  145


Автор: Ертай Ашықбаев

АЗАМАТ ӨСЕ БЕРЕДІ

Болашағының бақытты
Болатынына сенеді.
Жақсы іске арнап уақытты
Азамат өсе береді.
Сүйеді Отан-ұяны,
Табылар дәйім керегі.
Биікке самғап қиялы
Азамат өсе береді.
Шынықтырды ол денені,
Білімнің отын тұтатты.
Азамат өсе береді,
Оқиды талай кітапты.





Пікір жазу