meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  03.10.2022
  491


Автор: Ертай Ашықбаев

ҚАЙЫРЛЫ ТАҢ

Тығыпты Таң
сандыққа
Жұлдызым мен Айымды.
...Ойланып-ақ қалдық па?
Қайырлы таң,
қайырлы...
Аспан түрді түндігін,
Жерге сәуле жайылды.
Неткен ашық күн бүгін,
Қайырлы таң,
қайырлы...
Қай ұл енді қалғысын,
Портфелім де дайын-ды.
...Сыныптастар,
армысың,
Қайырлы таң,
қайырлы..





Пікір жазу