03.10.2022
116
ЖАНСЫЗ БЕЙНЕЛЕР
Екі сурет ілулі тұр бөлмемде,
Ойланады құрбыларым көргенде.
Бірі мысық – тікірейген мұрты бар,
Бірі тышқан – құйттай ғана тұрқы бар.
Бірін-бірі әлі көрмей тұрғандай,
Деп күледі құрбым:
«Достық бұл қандай?»
Ал, ал...
Олар тірі болса егер де,
Дүрс-дүрс...
Тыным болмас еді еденде.