03.10.2022
  96


Автор: Ертай Ашықбаев

МҰРЖАСЫЗ ҮЙЛЕР

Тұңғыш рет Жасұлан
Жүр қаланы аралап.
Өтті үйлердің қасынан
Биіктігі ғаламат.
Барлығы да тым жаңа,
Жасайды-ау жұрт көп күтім.
Бірақ жоқ еш мұржа да,
Жоқ шұбалған көк түтін.
«Неге?»
Осы сұрағы.
Түсті ойлы күйге бір.
«Жұрт қалайша тұрады
От жақпайтын үйде бұл?»
«Күшейгенде түнгі ызғар
Қайтеді?» — деп қоймайды.
Бұл үйдегі ұл-қыздар
Тоңады-ау деп ойлайды.





Пікір жазу