03.10.2022
  383


Автор: Ертай Ашықбаев

Дәрігер

Киімдерін ілді де
Біздің Айгүл кешкілік,
Дәрігер боп жүр, міне,
Тұр даусы да естіліп.
«Бар, — дейді, — көп дәрім де»,
Ақ көйлегін киеді.
Ойыншықтың бәрін де
Жұбатады,
Сүйеді.
Келтірер көз алдына
Үлкендердің істерін.
— Суық тиіп қалды ма?
Жөн ғой дәрі ішкенің.
Дейді:
«Тәтті дәрі бұл»,
Бірақ олар «көнбейді».
Біздің Айгүл бәрібір
Барлығын да емдейді.





Пікір жазу