meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  03.10.2022
  184


Автор: Ертай Ашықбаев

МЫСЫҚТЫҢ КӨЗІ

Кешкісін көрдім,
Не істермін?
Күтпеген жағдай...
Бұл да анық.
Көрдім мен,
Сосын сескендім,
Мысықтың көзі тұр жанып.
Кім білсін, не сыр бар мұнда,
Екі ұдай күйге түсіппін.
Ымыртта...
Үйдің алдында
Жанып тұр көзі мысықтың.
Мысықтың жүрер жолы көп,
Түскенде ымырт далаға.
Шам ұстап жүрер қолы жоқ,
Сондықтан көзі жана ма?





Пікір жазу