03.10.2022
  128


Автор: Ертай Ашықбаев

БӨПЕМ КҮЛДІ

«Ашуланды-ау», сірә, тағы,
Жұбатамын бөпемді енді.
Бөпем менің ұнатады
Тербеткенді,
Көтергенді.
Қызығады-ау ел де, тегі,
Дейді:
— Бөпең ержетті ме?
Ержетеді,
Ержетеді:
Отырмын мен тербеп, міне.
Тербеттім де таң қалдым мен,
Тыңдап жатып өлеңімді,
Ұйықтап қалып
(Аңғардым мен)
Күлді бөпем,
Неге күлді?
Сұрақтарым көп қой әлі,
Бөпем жауап қайтармайды-ау.
Тілі шыққан жоқ қой әлі,
Көрген түсін айта алмайды-ау





Пікір жазу