03.10.2022
  113


Автор: Ертай Ашықбаев

БЕСІК ЖЫРЫ

Ақ бесік-ау, ақ бесік,
Бөбектерге тақ бесік.
Құшағыңды аша ғой,
Бауырыңа баса ғой.
Іңгәлап ол келгенде
Ұйықтата ғой тербел де.
Кеткенінше тәй басып,
Жатсын інім жайғасып.
Айналайын, ақ бесік,
Бөбектерге шақ бесік.





Пікір жазу