03.10.2022
  218


Автор: Ертай Ашықбаев

СЫНЫПТАСЫМНЫҢ СӨЗІ МЕН ӨЗІ

— Батылдық керек,
Таңданба,
Балаларға да, үлкенге.
Үйде де жалғыз қалғанда
Қорықпа,
Көрпе бүркенбе...
— Іс бітір дәйім ұтымды,
Мақтайды сосын сені де ел.
Алмасын зәре-құтыңды
Ертегідегі перілер...
Сөйледі тағы ол қанша,
Мысалмен сөзін бекітті.
Ақылын айтып болғанша
Қараңғы түсіп кетіпті.
— Жүр, — деді, — бәрін ескеріп...
Иә, оңай ақыл айту да.
...Отыр ол бірақ сескеніп
Үйіне жалғыз қайтуға.





Пікір жазу