03.10.2022
  107


Автор: Ертай Ашықбаев

ҚУЛЫҚ

Қулықты білетін баламын,
Өтірік ауыра саламын...
Баруға еріндім сабаққа,
Қарамай қойдым еш тамаққа.
Ұстадым басымды, ішімді,
«Ауырды» деп мамам түсінді.
Қиналып көңілсіз сөйледі,
«Сабаққа бармай-ақ қой» деді.
Көкем де құшақтап сәл мені,
«Бүгінше сен үйде қал» деді.
Іске асты қулығым бар білген,
Осылай сабақтан қалдым мен.
Қайтадан ұйықтағым келмеді,
Енді ермек етемін мен нені?
Бір ойым бір ойды қуыпты,
Ойладым көңілді сыныпты.
Ойлап ем, қалдым сәл қиналып,
Балалар жатыр-ау жиналып.
Сұрайды-ау апай да енді кеп,
«Қане, кім жақсы оқып келді?» — деп.
Ал сабақ біткен соң балалар
Кім білген, өзенді жағалар.
...Осыны уайымдап күнімен,
Ауырып қалдым мен шынымен.





Пікір жазу