03.10.2022
188
ЗЕРІКПЕ
Көкең кетті егіске,
Тракторы тым ұзап.
Ағаң сонау егісте
Қой бағып жүр күнұзақ.
Атаң кетті жайлауға,
Атпен барса жақын-ақ.
Қазанда сүт қайнауда,
Әжең отыр бақылап.
Нағашың тұр көрікте,
Осыларды байқа да:
Сен де бекер зерікпе,
«Әліппеңді» қайтала.