03.10.2022
  187


Автор: Ертай Ашықбаев

ТАУ ЕТЕГІНДЕ

Тау жақсы емес пе,
Бауыры бақшалы...
Барады белесте
Жүгіріп ақ сағым.
Қозы-лақ секеңдеп
Көк шөпті үзеді.
«Жеткізбей кетем», — деп
Көкте бұлт жүзеді.
«Құраулап» шақырдым
Тайымды...
Ол қайда?
...Сүйсініп жатырмын
Ән салған торғайға.





Пікір жазу