03.10.2022
  119


Автор: Ертай Ашықбаев

ӨСУ

Достарым кеп, ал, міне,
Ауламызға толғанда үн,
Папам айтар әңгіме:
— Мен де бала болғанмын.
Достарым кеп тағы да,
Ауламызға толғанда үн,
Айтады атам сағына:
— Мен де бала болғанмын.
Әңгімеге тоймаймыз,
Айтады олар көп аңыз.
Тыңдап-тыңдап ойлаймыз:
«Біз де папа боламыз,
Біз де ата боламыз».





Пікір жазу