03.10.2022
121
![](/uploads/shorttexts/author_image/dsc-7780.jpg)
АТ
— Шаршадың-ау, жүйрігім,
Тоқта...
Тәк-тәк...
Сәл шыда...
Лас болыпты-ау құйрығың,
Қарамапты-ау малшы да!
Осылайша жан-жаққа
Ұрсып сөйлеп,
Масқара,
Біреу кірді шарбаққа,
Жылқышы ма,
Басқа ма?
«Шаршап келді-ау шамасы», —
Деп есіктен қарасақ:
Көршіміздің баласы,
Ал мінгені...
Ағаш ат.