03.10.2022
  149


Автор: Ертай Ашықбаев

8 НАУРЫЗДА

Енді қайттік?
Білмедік.
Қысылдық,
Ол — дәлелді.
Мерекелі күн келіп,
Жүгірдік біз тағы енді.
Кеңес құрдым мамаммен
Кешкісін мен жай ғана.
Дедім:
— Сыйлық алам мен
Көрші үйдегі Айнаға.
Толқып тұрған мені де
Мамам бірден түсінді.
— Дұрыс мұның, — деді де,
Маған ақша ұсынды.
Оянып таң сәріден
Көп-көп сыйлық таңдадым.
Дұрыс болды бәрінен
Қос балмұздақ алғаным.
Асады бұл пайдаға
Құпиясы бар мұның:
...Бірін бердім Айнаға,
Өзім алдым... ал...бірін...





Пікір жазу