03.10.2022
144
ДОС ӨТІНІШІ
Деп едік:
«Қалайда анық
Жақсы ұл боп өсемін мен».
Таң атты арайланып,
Тұра ғой төсегіңнен.
У-шу боп қоя берді
Тағы да көше бірден.
Мен келдім,
Оян енді,
Тұра ғой төсегіңнен.
(Қайтейін бұл Әсетті?)
...Тұра ғой төсегіңнен.
Тұр.
Сенсіз мына есепті
Қалайша шешемін мен?