03.10.2022
  111


Автор: Ертай Ашықбаев

ЖОЛДА

Жалғыз допты тепкілеп,
Жолға шығып кеткен ек.
Ащы дауыс кетті үдеп,
Сақтан:
— Бе-беп!
Беп-бе-беп!
Жол үстінде кезікпе
Машинамен бетпе-бет.
Ережені ежікте,
Сақ бол:
— Бе-беп!
Беп-бе-беп!





Пікір жазу