03.10.2022
146
МҰРАЖАЙДА
«Ох» дедік таң қалдық та,
Сөйледі апай.
Тыныштал.
Әне тұрған сандық па?
Міне —
найза,
қылыш бар.
Қобыз,
шертер,
жетіген...
Үйрек бас ер,
құранды ер...
Қарап жүрміз шетінен,
(Қастерлейміз мұраңды, ел!)
Шашақтаулы шатыр бар,
Жүген,
тоқым,
тебінгі...
(Атқа қонды батырлар,
Міне, дұшпан шегінді).
Ұран салды, ох, көкем!
...Қой,
тоқтай тұр,
сәл шыда.
Атаң берген жоқ па екен —
Қара мына қамшыға.