03.10.2022
  141


Автор: Ертай Ашықбаев

СУРЕТ ТУРАЛЫ СЫР

Қонаққа мен барамын
Туыстарға шалғайдан.
Көрем сонда ағаның
Суреттерін сарғайған.
Келмесін деп зұлымдар
Біздің жайлы қонысқа.
Осындай сан мың ұлдар
Қаза тапқан соғыста.
Жүріп жеңіс жолында
Қорғап қалды халықты.
Естелік боп соңында
Суреттері қалыпты.
Бейбітшілік —
қалауым,
Құлақ сал бұл сөзіме:
Сау болсын әр ағаның
Суреті де,
Өзі де.





Пікір жазу