meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  03.10.2022
  200


Автор: Ертай Ашықбаев

ЖОРЫҚ ЖЫРЫ

Бейтаныс жерге аяқ басарда
Қиын деп ешқашан қорықпа.
Балақай,
Дайын бол қашанда
Жорыққа,
Жорыққа,
Жорыққа.
Талайлар жорықта түледі,
Қосылғын сен де сол қатарға.
Жүреді талапты ер үнемі
Сапарда,
Сапарда,
Сапарда.
Елеме аптапты...қар-мұзды...
Көмекке әзір бол дос үшін.
Сынайды әр ұлды, әр қызды
Осы сын,
Осы сын,
Осы сын.





Пікір жазу