03.10.2022
  129


Автор: Ертай Ашықбаев

ҮЙРЕКТЕР

Он-он бес үйрек,
Он-он бес үйрек.
Келеді, әне,
Қосыла билеп.
Қатары ешбір
Көрген жоқ сиреп.
Жатса да арпа,
Жатса да түйнек,
Алады бәрін
Тұмсықпен түйреп.
Балапандарын
Жүр суға сүйреп.
...Бізге де,
үйрек,
Жүзуді үйрет.





Пікір жазу