03.10.2022
114
![](/uploads/shorttexts/author_image/dsc-7780.jpg)
ЖИДЕ ТЕРЕ БАРҒАНДА
Күтіп жүр ем талайдан,
Қуанғаным енді анық.
Жиде тердік тоғайдан
Көкем, апам, мен барып.
Неткен әсем жер еді,
Міне, толып келеді:
Көкемнің де шелегі,
Апамның да шелегі.
Мынау менің шелегім,
Толтыра алмай келемін.
Кетті ме екен көп болып,
Тергенімнен...
Жегенім?