03.10.2022
  137


Автор: Ертай Ашықбаев

Бұлақ

Мөлдір десең, мөлдір-ақ,
Рақатын көрді бақ.
Толтырса да тоғанды,
Тоқтамады ол бірақ.
Басқа баққа құлады,
Маған әбден ұнады.
Бұлақ деген —
даланың
Бұрауы жоқ краны.





Пікір жазу