03.10.2022
143
МӘПЕЛЕЙМІН
Жатпаймын тіресіп,
Жарлық та күтпеймін.
Ағама ілесіп,
Картопты түптеймін.
Өспейді көмексіз
Бағымның бір талы.
Ағаштың
керексіз
Бұтағын қырқамын.
Еш тыным таппаймын,
Гүлім көп өсетін.
Суарып баптаймын,
Шиенің көшетін.
Кірісем шошымай,
Ұқпаймын несін мен?
Бізді де осылай
Мәпелеп өсірген.