03.10.2022
300
МЕНІҢ КЕМЕМ
Кеме жасап әуре болдым бірер күн,
Сол кемемді өзенге әкеп жібердім.
Құстардың мен білемін не жейтінін,
Олар үшін салдым дәннің кей түрін.
Құрт та салдым балықтарға арнап мен,
Басқа сыйым сыймай бірақ қалды, әттең.
Аттандырып жүк тиелген кемемді,
Қала бердім қолым бұлғап мен енді.
Басқарар ем капитан боп төзімді,
Кемем бірақ көтермейді өзімді.