03.10.2022
  129


Автор: Ертай Ашықбаев

Нөсер

Көгеріп кеше еккені,
Әйнектен қарап тұр атам.
Көктемде нөсер төккенін
Мен-дағы шексіз ұнатам.
Бір құрбым болса қасымда,
Жүгіргім келіп тұр менің.
Суланып қалды шашым да,
Суланып қалды көйлегім.
Шықты үйден күліп, әне, атам,
Ол да енді суға малшынар.
Тосып ем көкке алақан,
Қытықтап жатыр тамшылар





Пікір жазу