03.10.2022
  111


Автор: Ертай Ашықбаев

Өкпе

— Лағым-ау, кел бері,
Неге қаштың секіріп?
— Жұлмалайсың сен мені,
Мазамды әбден кетіріп.
— Ұстатпайсың, торпағым,
Сен менен не сұрайсың?
— Мінезіңнен қорқамын,
Құлағымды бұрайсың.
— Жүрер ем ғой еріп мен,
Қайда қаштың, үйрегім?
— Балапанды неліктен
Шалшық суға сүйредің?
— Күшігім-ау, жүгіріп,
Қашан маған келесің?
— Жүрмін сенен түңіліп,
Бүйірімнен тебесің.
...Көп-көп сұрақ бердім де,
Жауап алдым дәлелді.
Айтыңдаршы,
Мен кімге
Өкпелейін ал енді?..





Пікір жазу