03.10.2022
  103


Автор: Ертай Ашықбаев

КӨШЕТ ПЕН ОРМАН


Көшет құшақтап келеміз,
Көбейсін шыбық, тал мына:
Мектеп жанына егеміз,
Егеміз есік алдына.
Су құйдық, міне, тағы, аға,
Баптадық тағы, міне, біз.
Жүреміз жасыл қалада,
Жасыл көшеде жүреміз.
Көңілімізде үміт көп,
Көшет те, біз де — дос егіз.
Өсеміз біз де шыбық боп,
Терек боп біз де өсеміз.
Жүрміз барлығын ұғып біз,
Біз — әзір нәзік желкенбіз.
Біз — әзір нәзік шыбықпыз,
Орман боламыз ертең біз.






Пікір жазу