03.10.2022
  120


Автор: Ертай Ашықбаев

УАТУ

Ерке болып кетерсің,
Қолыма алып көтерсем...
Әлі-ақ сен ер жетерсің,
Кім боласың, көкем, сен?
Аңсайсың ба биікті,
Үлгі болып теңіңе?
Боласың ба сүйікті
Жұмысыңмен еліңе?
Ұл атанып зейінді
Елден алып алғысты,
Боласың ба бейілді
Бітіруге бар істі?
Толып маңдай әжімге,
Боласың ба ғұлама?
...Ал сұрарым әзірге,
Тербетейін,
Жылама.





Пікір жазу