03.10.2022
133
![](/uploads/shorttexts/author_image/dsc-7780.jpg)
ЖАЛҒЫЗ ҚАЛҒАН БАЛА
Менің айтар ойым:
Ол бір жүрген ерке.
Бастады бір ойын
Тұрып алып ерте.
Таңды кешке созды,
Ойнады аш күйде.
Тыңдамады сөзді,
Кірмей қойды үйге.
Өкпелетті бізді,
Бір ісі жоқ оңды.
Жұрт үмітін үзді,
Бір сілтеді қолды.
Жоғалтты бар досын,
Жалғыз қалды мүлде.
...Қашты одан...сосын...
Ұясына Күн де