03.10.2022
  108


Автор: Ертай Ашықбаев

КӨМЕК

Таза ұстаймын үйімді,
Менен жұмыс қала ма?
Ілгішке іліп киімді,
Көмектесем мамама.
Елгезекпін — бұл анық,
Мамамды мен сыйлаймын.
Білегімді сыбанып,
Ыдысты да жинаймын.
«Боласың ,— деп, — жақсы адам»,
Қостар мамам мұнымды.
Кешке балабақшадан
Алып келем інімді.
«Күн суық қой, тоңбасын», —
Деп қояды мамам да.
...Інім жігіт болғасын,
Көмектесер маған да.





Пікір жазу