meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  03.10.2022
  166


Автор: Ертай Ашықбаев

РИЗА

Көмектесер балалар атасына —
Жөндей қалса арбасын,
Алып берер балғасын.
Түзеп берер тағаны,
Шегені де қағады.
Көмектесер қыздар да апасына —
Сабақтасар инесін,
Қадап берер түймесін.
Ыдысты да жуады,
Шыбынды үйден қуады.
Балаларға риза аталары,
Қыздарға да риза апалары.





Пікір жазу