03.10.2022
  173


Автор: Ертай Ашықбаев

МАҚТАУ

Деді атам:
— Немерем ақылды-ақ,
Көкем де қойды оны мақұлдап.
Ағам тұр:
— Есейдің енді, — деп,
Мен тұрмын кекілім желбіреп.
...Қаншама жылы сөз естідім,
Сені әкеп алғашқы «бестігім».





Пікір жазу