03.10.2022
  115


Автор: Ертай Ашықбаев

ЦИФРЛАР

Парағыма аппақ
Жазып осы кезден,
Алсам деп ем жаттап,
Цифрларды тез мен.
Тіпті тыным алмай,
Күнде жаттап жүрсем.
Телефонда қандай
Цифр барын білсем.
Телефонға төніп,
Сосын өзім бірден
Цифрларды теріп,
Десем:
«Көке,
бұл — мен».





Пікір жазу