03.10.2022
  146


Автор: Ертай Ашықбаев

ҚЫЗЫҚ ГҮЛ

Гүлім бар қызық-ақ,
Көріңіз енді сіз.
Кім қайдан үзіп ап
Әкелді?
Белгісіз.
Кім көрген мұндайды:
Сусыз да солмайды.
Балалар жұлмайды,
Ара да қонбайды.
«Мұндай гүл қашаннан
Қайда өсе бастаған?» —
Десең —
Ол жасалған
Пластмассадан.





Пікір жазу