meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  03.10.2022
  181


Автор: Ертай Ашықбаев

ҚОСЫЛУ

Күнде көріп өттіңдер,
Қанықсыңдар бұл заңға:
Бірге өссе көп гүлдер
Айналады гүлзарға.
Жаз ұсынар сый қанша,
Маңай сәнге толады:
Ағаш, талдар жиналса,
Жасыл орман болады.
Айтарым бар қосымша,
Ақылдылар ұғады:
Көп-көп бала қосылса,
Сынып болып шығады.





Пікір жазу