03.10.2022
153
МАҢДАЙ ТЕРДІҢ ЖЕМІСІ
Дала нұрға бөленді,
Бізге тағы жоқ тыным.
Отырғызам мен енді
Көшеттердің көп түрін.
Шөлдегенде суарам,
Қопсытамын түбін де.
Көркейеді бұл алаң
Күндердің бір күнінде.
Жеміс толып,
майысып,
Бұтақ жерге иілер.
Саясында шай ішіп,
Әжем маған сүйінер.
Тамсанар-ау ел іші,
Қызығар-ау жолдасым:
Маңдай тердің жемісі
Неге тәтті болмасын?!